Жаңалықтар

Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені.Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын «Туған жер» жобасы аясында ауданымыздың құрылғанына 90 жыл толуына орай аудандықорталық балалар кітапхананың ұйымдастыруымен «Өңірі-нұрлы, өмірі сырлы, құт мекен»атты әдеби сазды кеш өткізілді. Кешке ауданымыздың 4 мектеп оқушыларымен мектеп мұғалімдері қатысты. Кеш шымылдығы туған жер тақырыбына арнап жазған мектеп оқушыларының жатқа мәнерлеп орындауларында өлке тарихынан сыр шертетін өз шығармашылықтарын жыр шумақтарымен ашылып, «Дархан дала-Аманкелді» атты бейнефильм мен слайд көрсетілімі ұсынылды. Кеш барысында ауданымыздың көркейіп, гүлденуіне орасан зор үлесін қосқан азаматтарға арналған «Туған өлкем- тұнған шежіре» атты кең көлемде суретті- кітап көрмесін аудандық орталық кітапхана қызметкері Бірмағанбетова Жансая көрмені таныстыру барысында сөз алып, тоқырау кезіндегі аудан азаматтарының жақсы игі істері туралы оқушыларға мол мағұлматтар беріп, жастарғаауданымыздың тарихын танып білуге шақырды. Кешке жақсы өтуіне үлес қосқан Ы.Алтынсарин орта мектебінің 3 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Гүлмира Кеңесқызы ат салысты. Кеш барысы әсем әнмен жалғасты.

« Асқақ әнім,Астана! » атты XXXII облыстық халық шығармашылығы көркемөнерпаздар фестивалінің аудандық байқауы аясында Амангелді аудандық орталық кітапханасы ауданымыздың құрылғанына 90 жыл толуына орай «Туған өлкем-тұнған шежіре» атты кең көлемде суретті-кітап көрмесін ұйымдастырды.

Аманкелді аудандық орталық балалар кітапхансының ұйымдасыруымен «Кітап – ақылшың, әрі досың» – атты іс-шарамыз, «Қаламқас» балабақшасының бүлдіршіндерімен әлемдік халықтар ертегілер әлеміне саяхат жасау ретінде өтілді.

2018 жыл Аудандық орталық балалар кітапханасының кітап қоры 46 баспасөз басылымдарымен толықтырылуда. Осы орайда балалар кітапханасының қызметкерлері "Жұпар" балабақшасының бүлдіршіндеріне «Ең қызықты журналдар» атты балаларға арналған жаңа мерзімді басылымдарға шолу өткізді.

Үрпек ауылдық округінде тәуелсіздік мерекесіне арналған "Тәуелсіздік -ел бақыты, ертеңім» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Жаңа ауыл орта мектебінде «Жас ұлан» оқушылар ұйымы 1 сынып оқушыларын салтанатты түрде ұйымға қабылдады.