Жеңіс туы желбіресін мәңгілік!

Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың аяқталғанына 80 жыл толып отыр.Ұлы Отан соғысы адамзат санасында ұмытылмастай ізін қалдырды.

Амангелді аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен осы айтулы күнге орай және халық қаһарманы Б.Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай « Жеңіс туы желбіресін мәңгілік!»атты мерекелік шара өткізілді.

Мақсаты: Ұлы Жеңісті жақындатқан батыр аталарымыздың ерліктерін дәріптей отырып,оқырмандардың бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Кеш Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым етіп, үнсіз еске алумен басталды.Болашақ Отан қорғаушы жас сарбаздар кітапхана алдынан жүріп өтіп, сапқа тұрды.

Жеңіс күніне арналған әндер мен жырлар айтылып, кітапхананың кішкентай оқырмандары «Катюша» әніне би биледі

Аудандық,республикалық байқаулардың жүлдегері Серікқызы Айғаным ақиық ақын М.Мақатаевтың «1941.Ақпан» атты шығармасын мәнерлеп оқып берді.

Кешке жиналған ақсақалдар кейінгі буын жастарға тілектерін айта отырып, баталарын берді. Кеш қонағы, аудандық мәслихат төрағасы Бөгетбаев Нұрлыбек

Әлмағанбетұлы Жеңіс күнінің әр азамат үшін қымбат тарихи күн екендігін атап өтті.Ол өз сөзінде: «Бүгінгі күн біз үшін-өшпес ерлік,шексіз қаһармандықтың тарихи күні .Бұл күннің қандай еңбекпен келгендігін ұмытпауымыз керек»,-деп атап көрсетті.

Аудан ақсақалы,кітапхана оқырманы Бимағанбетов Мұхамеджан ата да соғыс атты сұмдықтың болмауын, кейнгі жас ұрпақ ел үшін еңбек ете берулерін айтып өтті.

Сондай-ақ, «Ұлы Жеңіске мәңгілік тағзым» атты кітап көрмесі жасалып,көрмеге соғыс жылдарындағы майдангерлер туралы деректер,ардагерлердің естелік суреттері қойылды.

Кеш соңында жиналғандар естелік суретке түсіп, енді мұндай зұлматтың қайталанбауын тілеп, тарасты.

Жеңіс жалауының желбірегеніне биыл-80 жыл толып, тарих қойнауына өшпес ерлікпен еніп барады.Бұл мереке-соңғы демі қалғанша күрескен қайсар мінезді ата-бабаларымыздың жауынгерлік рухы көтерілген күн.

Кезінде елді жаудан қорғап,бейбітшілік үшін қан төккен соғыс ардагерлерін ардақтау кейінгі ұрпақтың парызы.

Жеңіс жалауы мәңгі желбірей берсін!

Амангелді аудандық орталық кітапхана қызметкері Г.Қалмағанбетова


«Тарлан талан», «Әдебиетіміздің жарқын жұлдызы» Сабит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай шығармаларына талодау жасаланып кітап көрмесі жасалынып, оқырмандарға өмірінен таныстырылды.
Мұқанов, Сәбит Мұқанұлы (1900 - 1973) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер. Әке шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген. Жастайынан халық арасында жиі айтылатын жыр дастандарды жаттап, өзі де ауызша, жазбаша өлең шығарып талаптанып жүрген. Сәбит осы кезден бастап, шығармашылыққа шындап бет бұрады. Оның есімін жалпы қазақ оқырманына кеңінен танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар» романы осы кезде өмірге келді. Сабит Мұқановты білмейтін қазақ жоқ шығар. 


«Мағрипа Жылқыбаева - Алтын адамның аманатын арқалаған ғалым. Тарихи мұрағат.» атты ақпараттық бейнеролик оқырмандар назарына ұсынылды.

Жылқыбаева Мағрипа 1945 жылы сәуір айының 13 - інде Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Жамбыл ауылындағы мектепті 1964 жылы медальмен бітірген алғашқы үздік түлек. 1969 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін тәмамдаған.

1989 жылдан бастап Алтын адамның күміс зереншесіндегі жазуларын оптикалық әдістер арқылы зерттеумен айналысқан. Мағрипа Жылқыбаеваның Алтын адам жазуын зерттеу нәтижесінде ашқан ғылыми жаңалықтары биік деңгейдегі ғылыми жиындарда, конференцияларда баяндалды.


Айтыскер ақын, Ұлттық өнердің дәнекері Әлпия Кәрбозқызы Орманшинаның 70 жас мерейтойына арналған «Мен даланың қызымын...» атты бейнетолғауын оқырмандар назарына ұсынамыз. Ақынның өлеңін де туған топырағына тартады деген сөз бар. Әлпия Торғай өңірінің перзенті. Есейгенде ақын боп, Домбыра алдым қолыма. Әлпия ақын атанып, Айтыстың түстім жолына,–деп өзі ағынан жарылғандай, үлкен әдебиетке, әуелінде суырып салма өнерді серік еткен үкілі үмітпен келіпті. Сол жолда жүріп тапқан жетістігі аз емес. Айтыс шын талантты шыңдайтын жанр.