Жаңалықтар

Жыл басы- көктем келген сайын адам баласы өзгеше бір сезім жетегінде болады. Айнала құбылып, құлпыра бастайды. Қыс бойы құрсауда жатқан жер-ана да бусанып, оянғандай жасана түседі. Бұл кезеңнің тағы бір тамаша ерекшелігі- әйелдер мерекесінің дәл осы мезгілде тойлануының өзіндік мәні бар сияқты. Өйткені, ояну, түрлену, құлпыру, гүлдену тәрізді құбылыстың бәрі осы кезеңмен және Ана атты ғажап жандармен байланысты ғой. Яғни осының бәрінің түп негізі - әйел-анаға байланысты.

1 Наурыз –Алғыс айту күні!

2015 жылдың 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, осы жарлыққа сәйкес көктемнің алғашқы күнінде Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтеді.

Кітап жүректі үлкейтетін, жанды тазартатын, сананы көркейтіп, адамның рухани шөлін қандырар қайнар көзі. Ақынды ақын еткен де, жаманды жақсы еткен де кітап. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

2018 жыл Аудандық орталық балалар кітапханасының кітап қоры 46 баспасөз басылымдарымен толықтырылуда. Осы орайда балалар кітапханасының қызметкерлері "Жұпар" балабақшасының бүлдіршіндеріне «Ең қызықты журналдар» атты балаларға арналған жаңа мерзімді басылымдарға шолу өткізді.

Аманкелді аудандық орталық балалар кітапхансының ұйымдасыруымен  «Кітап – ақылшың, әрі досың» – атты іс-шарамыз, «Қаламқас» балабақшасының бүлдіршіндерімен әлемдік халықтар ертегілер әлеміне саяхат жасау ретінде өтілді.