2018 жыл Аудандық орталық балалар кітапханасының кітап қоры 46 баспасөз басылымдарымен толықтырылуда. Осы орайда балалар кітапханасының қызметкерлері "Жұпар" балабақшасының бүлдіршіндеріне «Ең қызықты журналдар» атты балаларға арналған жаңа мерзімді басылымдарға шолу өткізді.

Кітапхана балаларға арналған жаңа журналдарға, жыл сайын жазылып келеді. Балалар назарына: «Айгөлек», «Ақ желкен», «Алтын сақа», «Балалар әлемі», «Бала би», «Балбұлақ», «Балдырған», «Балапан бағы», «Керемет KIDS», «Мөлдір бұлақ» «Хан талапай», «Веселые картинки», «Веселый колобок», «Мурзилка» және тағы басқа журналдар ұсынылды. Балалар журнал беттерінің ерекше тарихымен, айдарлардың мазмұнымен танысып, осы журналдарда жарияланған Ресейлік, Қазақстандық ақын-жазушылардың өлеңдері мен үзінділерін оқыды. Сонымен қатар ертілерді оқу арқылы ойындар ұйымдастырылып, бұлдіршіндермен қызықты күн өткіздік. Әр журнал өзінше қызықты, танымды. Ендеше біздің кітапханамызға бүлдіршіндеріңізбен келіңіздер! Өте қызық! Биылғы жылға жасылған баспасөз беттерімен таныс болыңыздар! 
 
Айгөлек, Ақ желкен, Алақай, балақай, Аюка,Балаби, Баламен балабақша, Бала тәрбиесі, Балабек, Балақан, Балалар әлемі, Балапан бағы, Балбұлақ, Балдырған, Дара бала, Дәрігер, логопед және психолог, Ерке бала, Ертегілер елінде, Ертегілер әлемінде. В мире сказок, Жас ғалым, Жыл он екі ай, Мөлдір бұлақ, Отбасы балабақша, Ұлт болашағы, Хан талапай АБС Веселые картинки, Үркер, Юла. Спецвыпуск. Санька в стране, Алдаспан, Керемет KIDS, Кітап және кітапхана, Періште, Самопознание КZ,В еселый колобок, Делаем сами, Маша и медведь, Бастауыш білім негізі,

Тәрбие жұмысы: мектепте және мектептен тыс мерекелер,
Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері Өзін-өзі тану - Самопознание, Отбасы және денсаулық, Балаларға базарлық, Төртінші билік, Ұлан,Д ружные ребятаБал жұмбақАқбөкен.

Зарина Мусабаева

Қостанай облысы, Аманкелді ауданы,

аудандық орталық балалар

кітапханасының меңгерушісі.