Жаңалықтар
2 сәуір- Халықаралық балалар кітап күні.
- Подробности
Бүгін біздің кітапханамызда үлкен мереке. Неге десеңіздер балаларға арнап кітаптар апталығын өткізіп жатырмыз. Бұл мереке дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. Іс-шараның басты мақсаты, балалардың кітапқа деген ынтасын арттыру және кітапты жай ғана оқып қоймай, оны түсініп оқуға, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету. Биылғы жылы апталығымызды ауданымыздың «Жұпар», «Балдырған,» «Қаламқас» балабақша бүлдіршіндерімен қызықты өткіздік. Бүлдіршіндерге арналған жаңа кітаптармен, «Ой қазынасы кітапта» атты кітаптар жәрмеңкесі өткізілді. Көрмеде жайма кітап көрмесі ұйымдастырылып, балалардың ең жақын достарына айналған ертегілер топтамасы орын алады «Дара және оның достары »ертегісінің басты кейіпкері Дара баламен саяхатқа барып, көңіл көтеріп, қуанышқа бөлендік. Бүлдіршіндер қиялдарындағы кейіпкерлермен бір сәтке болса да жақындасты. Сонымен қатар осы мерекеге орай.. Кеште кітаптар жәрмеңкесі аясында ертегі кітаптардың маңыздылығы жайлы мәліметтер айтылып және әр түрлі ойындар ойналып, мерекелік күнде қызықты қойылымдар қойылып, бүлдіршіндермен әр түрлі әдеби, танымдық викторина ойындар, флеш моб биледік, кеш аясында билеп,әндер шырқалды. Келген барлық бүлдіршіндерге тәттілер таратылды.
Рухани жаңғыру бағыты бойынша «Салт дәстүрім –қазынам» атты көше тұрғындары арасындағы сайыс өтті
- Подробности
Үрпек ауылдық округінде 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесін ауыл тұрғындары ауыл клубында атап өтті.
«Армысың әз, Наурыз!»
- Подробности
Наурыз - шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі.. Наурыз айын ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған. Күн мен түн теңелетін күн, төрт түлік мал төлдейтін ай, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін ай. Қыстың соңы, көктемнің басы жыл құстары келе бастайды. Самарқанның көк тасы жібитін күн. Сол себептен де табиғаттың тылсымы мен ғалам ғажайыптарын терең ұғына білген ата-бабаларымыз бұл күнді Жыл басы деп есептеген. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған.
«Тіл шебері» байқауы өтті
- Подробности
Тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды, халық арасынан талапты, талантты жастарды табу мақсатында Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы 5-ші аудандық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Байқау – қазақстандық жазушылардың прозалық шығармаларынан үзіндіні дауыстап оқу бойынша өтетін сайыс іс-шарасы. Байқау аясында қатысушыларға олардың өздері таңдап алған, мектеп бағдарламасына енбейтін прозалық шығармадан үзіндіні қазақ орыс немесе ағылшын тілінде дауыстап оқу тапсырылған болатын.. Байқау «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында өтеді және Астананың 20 жылдығын мерекелеумен ұштастырылған. Байқаудың алғашқы кезеңіне 13 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі үстауына, сахналық киім сәніне баса назар аударған әділ қазылар алқасы 1 орынды Ы.Алтынсарин атындағы ортамектебінен келген Шалжанова Гүлжауһар бірінші оранға иеленіп, 20 сәуір айында Қостанай қаласында өтетін облыстық «Сөз құдіреті» байқауына жолдама алды. 2 орынды құмкешу ауылынан келген Қонысбек Ақгүлім, тасты ауылынан Қабдірашова Молдір иелді. 3орынды үрпек ауылынан келген Еркінқызы Наргызбен Үштоғай ауылынан келген Әбдіғалым Қарақат женіп алды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, сыйлықтар берілді. Жүлделілер қатарынан табылған талабы таудай өнерлі жастың өнері өрге басып, өңірінің абыройын асқақтата берсе екен дейміз.
«Өлмейтін өнерде із қалдырған»
- Подробности
Наурыз айының 14- жұлдызында аудандық Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде Торғай топырағынан шыққан өнер иелерінің ішіндегі шоқтығы биік жұлдызы Әнуар Боранбаевтың туғанына 70-жыл толуына орай еске алу кеші ұйымдастырылды.

























