«Алғыс - жүрекке жылу сыйлайды»

Алғыс айту күні - еліміздегі ынтымақтың, бірліктің, жалпыұлттық татулықтың нышанына айналған ерекше мереке. Бұл мереке ұлтымызды ұйыстырған ортақ үйіміз - Қазақстанға деген ризашылық пен алғыс сезімін паш етпек.

Осы мерекеге орай Амангелді аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Алғыс - жүрекке жылу сыйлайды» атты мерекелік кеші аталып өтті.

«Қазақ еліне мың алғыс!» сахналанған көрініспен ашылған кеште осынау мерекенің тарихи,саяси мәні тереңде жатқанын айтып,,барша өңір тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтаған аудан әкімі Қанат Уашұлы Кеделбаев жыл сайын көктем мезгілінің осындай игілікті мейраммен басталатынына қуанышты екендігін жеткізді.

Өткен ғасырда қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған миллиондаған этностарды өз бауырына басып,бір үзім нанын тең бөліскен қазақ халқының дархандығын, Алғыс айту күнінің мән - маңызын бейнелейтін бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар,мерекелік кеште ауданда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің атынан аудандық аурухана дәрігері Сарвар Давлатұлы, Степняк ауылынан келген студент Авсеев Виктор Васильевич,Жасбуын жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Магомедов Ахмед сөз сөйлеп,барша ұлт пен ұлыстар атынан Қазақ халқына алғысын білдірді.

Кеш барысында білім мен өнерді қатар ұштастырып,сөздің құдіретін жүрегімен сезіне білген талапты жас оқырмандар ,Серікқызы Айғаным,Әбілғазы Мадина,Төлеубай Жантөре(Жетекшілері Уатқанова Бахытгүл),Қаражан Аружан жыр жолдарын тарту етіп, әсерлі әндер айтылып, жақсы тілектер айтылды.

Алғыс айту - тек бір күннің ғана жұмысы емес, ол - күн сайынғы ішкі мәдениетіміздің, тәрбиеміздің көрінісі. Әрдайым бір - бірімізге алғыс айтып, мейірімді болайық!

Амангелді аудандық орталық кітапхана қызметкері .Қалмағанбетова Г. 


19 ақпанда кітапхананың тұрақты оқырмандары, Амангелді орта мектебінің 8 сынып оқушыларының арасында жазушы Әбілфайыз Ыдырысовтың 95 жылдығына орай “Журналистиканың қара нары” атты танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: оқырмандарды жазушының өмірбаянымен, еңбек жолымен, журналистика жолымен таныстыру. Танымдық сағатта тыңдарманға Әбілфайыз Ыдырысов жайында мағлұмат беріліп, журналистика саласындағы еңбек жолымен таныстырылды. Өткізген: Бирманова Т.Ы.


Ұлттың рухани көсемі

Қазақ халқының біртуар ұлы, көрнекті қоғам қайраткері, көсемсөз шебері, ірі ғалым, түрколог, аудармашы, ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай Амангелді аудандық орталық кітапханасында «Ұлттың рухани көсемі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараға кітапхана қызметкерлері мен Боранбаева Тұрсын Жұмағалиқызы жетекшілік етіп отырған «Амангелді ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің» ұжымы қатысып, А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен қатар, көптеген тың деректермен де таныса отырып, пікір алмасты.

Ұлт ұстазына арнап дайындалған кітап көрмесіне қойылған әдеби шығармалары, ғылыми еңбектері мен баспасөз беттеріне шыққан материалдарға шолу жасалынды.

А.Байтұрсынұлының ұлтына сіңірген ұлан-ғайыр еңбегі әр саладан көрінеді. Мәселен, ол, ең бірінші. қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы «Әліппе» оқулығының авторы, екіншіден, қазақтың әлеуметтік өмірінің барлық саласына назар аударған қоғам қайраткері, сонымен қатар қазақ музыка өнеріне де терең көңіл бөлген ғалым.

Ахмет тағылымын бір сәт қана оқып-білуге болмайды, оны жылдар бойы оқып, үйреніп отыру керек. Қазақ халқына жасаған барлық еңбегі, тартқан азабы мен көрген қорлығы, қасықтай қаны қалғанша қызмет еткен ұлы тұлғаның өмірі келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкері Г.Қалмағанбетова

View the embedded image gallery online at:
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/abonement.html#sigFreeId5fcab27625