Үрпек ауылдық округінде 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесін ауыл тұрғындары ауыл клубында атап өтті.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, ұмыт қалған салт- дәстүріміз, әдет ғұрпымыз халыққа кеңінен насихатталды.
Ауыл әкімі Жақыбаев Ғалымжан Тұрлығұлұлы ауыл халқын мерекемен құттықтап, ақ тілегін айтты. Мерекелік кешті кітапханашы және клуб меңгерушісі жүргізді. Ауыл халқы Зікірина Қарашаш және Абдрахманова Күлпара апамыздың дайындаған наурыз көжесінен ауыл халқы түгелдей дәм татты. Ауылымыздың құрметті қариясы Нұрғалиев Сұлтан әке ауыл халқына бата берді. Халқымыздың кейбір ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерін көше тұрғындары сахналады. «Ерулік» салтын –Б.Қожабаев көшесі, «Босаға майлау» А.Иманов, Б,Омаров, «Ат қою» Т.Жақыбаев көшесі, «Тұсаукесер» Н.Әмзин көшесі, «Тоқымқағар» А.Нарбаев көшесі, Т.Әбдібеков көшесі «Наурыз көжеге шақыру» рәсімдерін сахналап көрсетті.
Осы іс шараны өткізуге демеушілік көрсеткен ауыл әкімшілігі, шаруа қожалық басшылары Әскербекұлы Ербол, Жабағин Жомарт, Жұбатқанов Сәрсенғали, Байзақов Жұрынбек, Омаров Боранбай. Мерекелік сайыста 1-орынға Намазбай Әмзин көшесі, 2-орын Тұрлығұл Жақыбаев көшесі, 3-орынды Бірәлі Қожабаев көшелері иеленді. А.Иманов, Т.Әбдібеков, А.Нарбаев, Т.Әбдібеков көшелері «Ұйымшыл көше», «Бірлігі жарасқан көше» номинацияларымен марапатталды. Сайыс соңы мектеп оқушыларының үлкен мерекелік концертіне ұласты.
Үрпек ауылдық округінің кітапханашысы:
Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы



























