Жаңалықтар

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2017 жылы таңдалып алынған қазақ әдебиетінің ірі тұлғалы, аса көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Сұлтанмахмұт Торайғыров Алаш ұраны.» атты шығармалары бойынша рольді саяхат өттті.

Жарты ғасыр бойы өз өмірін киелі өнермен байланыстырып келе жатқан өнер саласының майталманы, өзінің бойындағы табиғи дарыны мен талантын, хас шеберлігін үйлестіре білген , талай биік асулардан көрініп, өнер сүйер жамағаттың ілтипатына бөленіп, көптеген дарынды шәкіртерді тәрбиелумен қатар өнер ұжымдарының қадамына гүл бітіріп, елдің құрметіне бөленген Сапарғали Ахметжановтың 70 жасқа толу мерей тойы Аманкелді ауданында аталып өтілді. Аманкелді аудынының өнер саласына өз үлесін қосқан, сан- саналы шәкірт тәрбиелеген Сапарғали Ахметжановтың шығармашылығы кейінгі ұрпаққа үлгі.Осы орайда Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Талантымен танылған тұлға», және «Елімнің мақтанышына лайықты» атты шығармашылығмен өмір жолына арналған көрме ұйымдасырылды. Көрмеде кітаптар, суретті көрмісімен мерзімді баспа беттері койылып, агамыздың шығармашылығымен жеткен жетістіктері барша оқырман көрермендерге ұсынылып, келген қонақтарға таныстырылды.

XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі өзгерістерге өзінің азаматтық, ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының бірі — Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2017 жылы таңдалып алынған қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын СұлтанмахмұтТорайғыровтың шығармашылығына арналған «Заңғар тұлға» атты тақырыбында 50беттік библиографиялық көрсеткіш құрастырылып, мектеп оқушыларына таныстырылып, шолу жасалды. Бұл құрал алғы сөзбен басталып, Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі байяны жазылып, әдебиеттері туралы жалпы шығармашылығы , «Кедей » поэмасысының толық нұсқасы енгізілген. Сонымен қатар әдебиеттер тізімі, мерзімді басылымдағы жариялымдар және фота суреттері мен есімдердің алфабиттік көрсеткіші еңгізілген.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қортындысы бойынша Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына орай «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды. Соған орай Амантоғай ауылдық модельдік кітапханасында «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын насихаттау бағытында оқырмандарға "Өмірі мен шығармасы" атты  көрме ұйымдастырылып шолу жасалды, викториналық сұрақтар қойылып, оқырмандарға өлеңдерімен таныстырылды.

Аудандық орталық балалар кітапханасы қазақтың қазіргі заманғы әдебиетінің негізін қалаушы, Қазақстанның әйгілі жазушысы Ғабиден Мұстафиннің туғанына – 115 жыл толуына орай «Қазақстың көркем сөз шебері» атты көрме-шолу ұйымдастырылды. Келген оқырмандарға назарына жазушының кеңінен танымал романдары «Өмір не өлім», «Шығанақ Берсиев», «Милионер», «Дауылдан кейін», «Куәгер», «Қарағанды» ұсынылды. Жазушының кітаптары қалың оқырманға жақсы таныс және әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, қазақ әдебиетінің алтын қорына енген.