Аудандық орталық балалар кітапханасы қазақтың қазіргі заманғы әдебиетінің негізін қалаушы, Қазақстанның әйгілі жазушысы Ғабиден Мұстафиннің туғанына – 115 жыл толуына орай «Қазақстың көркем сөз шебері» атты көрме-шолу ұйымдастырылды. Келген оқырмандарға назарына жазушының кеңінен танымал романдары «Өмір не өлім», «Шығанақ Берсиев», «Милионер», «Дауылдан кейін», «Куәгер», «Қарағанды» ұсынылды. Жазушының кітаптары қалың оқырманға жақсы таныс және әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, қазақ әдебиетінің алтын қорына енген.

Шарада ерекше қызығушылық тудырған Ғабиден Мұстафиннің шығармалар жинағы. Олар «Ер-Шойын» тұңғыш әңгімелер жинағы (1929), жазушының бірінші романы «Өмір не өлім» 1940 жылы Алматыда жарық көрді. Бұл ақынның қайтадан туылған күні болды. Содан кейін 1945 жылы «Шығанақ» романы басылып шықты. Соғыстан кейінгі кезеңде жарық көрген қазақ прозасының бірнеше елеулі туындылары болды, олардың арасында көрнекті орын алған Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” (1948) романы орталық баспада оң баға алып, Жамбыл атындағы республикалық сыйлыққа ие болды. Жазушының “Қарағанды” романы 1952 жылы жарияланып, 1959 жылы«Дауылдан кейін» романы жарық көрді.

Зарина Мусабаева

Қостанай облысы, Аманкелді ауданы

Аудандық орталық балалар

Кітапханасының меңгерушісі.