Жаңалықтар

1 қазан халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Үрпек ауылдық округінде «Ауыл қариясымен көрікті» атты мерекелік іс-шара өтті. Ауыл клубында салтанатты жиын өтіп, соңы мерекелік концертке ұласты. Ауыл әкімі Ғ.Т.Жақыбаев ауыл қоғамдық жұмыстарына белсене араласып жүрген қарияларымызды марапаттады. Ауыл кітапханашысы М.Т.Нұржанова ауыл қарияларына арнап фото-көрме әзірледі.
Қарттар күніне шаруа қожалықтарының басшылары демеушілік көрсетті. Мерекелік іс-шарадан соң ауыл орталығындағы «Құлан» тойханасында қарияларымызға қонақасы берілді.

22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай  Амангелді аудандық кітапхананың оқу залында"Тіл – достықтың алтын көпірі "атты  дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстелге мұғалімдер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу,
Іс-шарада мемлекеттік тілдің сапалық деңгейі мен үш тұғырлы тіл туралы мәселелер көтерілді.

Еліміз 1995 жылы басты құжат - Конституцияны қабылдады. Жасампаздықтың  жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Үрпек ауылдық кітапханасы осы шілде айынан бастап балалар мен жасөспірімдерге арналған түрлі кітаптармен толықты.

Аманкелді аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен «Қазақ халқының қаһарман қызы» Кеңес Одағынының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл толуына орай еске алу кеші өткізілді.