Жыл басы- көктем келген сайын адам баласы өзгеше бір сезім жетегінде болады. Айнала құбылып, құлпыра бастайды. Қыс бойы құрсауда жатқан жер-ана да бусанып, оянғандай жасана түседі. Бұл кезеңнің тағы бір тамаша ерекшелігі- әйелдер мерекесінің дәл осы мезгілде тойлануының өзіндік мәні бар сияқты. Өйткені, ояну, түрлену, құлпыру, гүлдену тәрізді құбылыстың бәрі осы кезеңмен және Ана атты ғажап жандармен байланысты ғой. Яғни осының бәрінің түп негізі - әйел-анаға байланысты.

Осы мерекеге орай Амангелді аудандық мәдениет үйінде өткен «Мамандығым-мақтанышым» атты сайыста орталық кітапхана қызметкері Әміржанова Мөлдір қатысып, жүлделі 1-ші орынды иеленді. Сайыстың барлық шарттарынан мүлтіксіз өтіп, алдыңғы қатардан көріне білген, кітапхана абыройын асқақтатқан  әріптесімізге  алғыс  айта отырып, жұмысына сәттілік, отбасына береке тілейміз!