Жаңалықтар

Жыл сайын желтоқсан айының үшінші жексенбісі энергетиктер күні болып тойланады. Энергетик күнінің тарихы 1966 жылдан бастау алады.  22 желтоқсан ҮІІІ-ші жалпы Одақтар съезінде еліміздің электрификациясының жоспары қабылданып, осы мейрам бекітілді.

Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз.

Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік алақанымызға қонды.

Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз! 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегі деп бағалаймыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстанда алғаш рет Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған -Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтуде.