Жыл сайын желтоқсан айының үшінші жексенбісі энергетиктер күні болып тойланады. Энергетик күнінің тарихы 1966 жылдан бастау алады.  22 желтоқсан ҮІІІ-ші жалпы Одақтар съезінде еліміздің электрификациясының жоспары қабылданып, осы мейрам бекітілді.

Энергетиктер маңызды және күрделі мамандық иелері. Бұл кісілер болмаса біз қараңғы және суық жерде өмір сүрер едік, олай болса бізге жарық сыйлаған жандар, бұл мамандық иелерін біз мақтан тұтамыз құрметтейміз, қадірлмейміз. Бүгінгі күні бұл мамандық иелерінің көңілін экологиялық қайнар көзінен энергияны алу мәселесі толғандырып отыр. Негізінен күн сәулесінен және әуеден алынатын энергия қызықтырады. Осы орайда орталық кітапхананың библиография бөлімі «Жарық сыйлаған жандар» атты қиын да қызықты мамандық иелерімен кездесу кеш ұйымдастырды. Оған Ә.Боранбаев атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушылары қатысып, аудан электр жүйесі мекемесінің басшысы Әуешов Оралмен және осы мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізіп балаларды қызықтыратын сұрақтарына жауап беріп, қызықты әңгімелермен оқушыларға көптеген мәліметтер берді.  Сынып жетекшісі Әбілда Ұлбала Жұмабекқызы, оқушылары Маралұлы Жұмахан, Қалиден Нұртөре, Асан Әли, Дүйсенбин Мақсат, Сатыбалды Жаннұр т.б. оқушылар сұрақтарына жауап алып, кешті қызықты өткізді.

Р.Алмағамбетова

Амангелді аудандық балалар

кітапханасының қызметкері