2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстанда алғаш рет Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған -Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтуде.
Осы мерекеге орай өткізілген іс-шаралар аясында Амангелді аудандық орталық кітапханасы «Елбасы сенімі-ел сенімі» атты кең көлемде суретті-кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме мақсаты- Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Көрмеге Елбасының балалық бал дәурен шағынан бастап, қызметтік өсу кезеңдері, жеткен жетістіктері жайлы материалдар топтастырылды. Кітапхана қорындағы Елбасының еңбектері және ол туралы шетел саясаткерлерінің пікірлері жайлы еңбектер қойылып, ел назарына ұсынылды.
Елбасы еңбектерінің қай тақырыптарын оқысақ та, ел экономикасын, тарихын, ұл рухын, салт-дәстүрін дүр сілкіндіртіп оятатын ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз.
Г.Қалмағанбетова
Амангелді аудандық орталық
кітапхана қызметкері


























