Жаңалықтар
Кітаптар қиялының жәрмеңкесі
- Подробности
2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні. Балалар жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай белгіленген күн 1967 жылдан бастап аталып келеді. Кітап – адамның дүниетанымын кеңейтеді. Еліміздегі барлық балалар кітапханасы бұл күні түрлі байқаулар мен жарыстар, ойындар өткізіп, кітап туралы түрлі көрмелер ұйымдастырады. Бүлдіршіндердің көктемгі шуақты демалысында дәстүрлі түрде өтетін осы күнге орай Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасының қызметкерлері аптаның әр күніне бірнеше іс-шара ұйымдастырды. Биылғы мереке өте қызықты әрі ерекше көңіл күймен өтті, бұл күндері кішкентай оқырмандарды көптеген қызықтар: викориналық тапсырмалар, байқаулар, жұмбақтар, ертегі кейіпкерлері, ең бастысы кітаппен кездесу күтіп тұрды.
Кітап -алтын қазына
- Подробности
2019 жылы 2 сәуір күні Ағаштыкөл ауылдық кітапханасында халықаралық балалар күніне орай «Кітап-алтын қазына»тақырыбында балалар әдебиеттерінен кітап көрме жасалып оқырмандарға таныстырылды.
«Болашақ оқырман»
- Подробности
2сәуір күні Байғабыл ауылдық кітапханада Кітап күніне орай М.Бөлекова бастап келген даярлық тобының балаларымен «Болашақ оқырман» атты кітапхана саяхаты өткізілді.Кітапхананың тыныс тіршілігімен,ережелерімен таныстырылып,әр бөлімінің атқаратын қызметіне тоқталып өтті. Саяхаттап келген бүлдіршіндерге кітап көрмесімен ,өзіміздің туған жерден шыққан ақын ,жазушылар жайлы ,көптеген құнды мәліметтер айтылды.Кітапханаға ертегі ,кітаптар ,журналдар оқуға шақырылды.
2-Сәуір балаларға арналған кітптар күні
- Подробности
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі.
1 сәуір - Құстар күні. Құстар әлемі
- Подробности
1 сәуір – Халықаралық құстар күні. Бұл күн сонау 1906 жылдан, құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция жарияланғаннан бері аталып келеді. Бүкіл дүние жүзінде құстардың 9 мыңдай түрі тіршілік етеді. Біздің еліміз де құстарға өте бай. Қазақстанда құстардың 500-ге жуық түрі бар. Олардың күз айларындағы саны шамамен 18-20 миллионға жетеді. Бұл – үлкен байлық. Сондықтан да біз оларды қорғап, пайдалана білуіміз керек. Құстар орман, жер зиянкестерімен қоректеніп ауыл шаруашылығына пайдасын тигізеді. Ал құстардың эстетикалық мәні өз алдына бір төбе. Талай сазгерлер құстардың үнін әуенге қосса, талай ақындар құстар туралы тамаша жырлар жазған. Құстардың ұшу заңдылығын алғаш рет Леонардо да Винчи зерттеген екен. 1 Сауір –құстар күніне орай Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы «Қанатты досым келдің бе?» атты құстарды қорғау танымды сағат күні өтті.

























