Жаңалықтар
Бата беру
- Подробности
Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер,батамен ел көгерер»,-деп айтып кеткен ғой. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек берудің ұлттық дәстүрі.
«Көңілді старт»
- Подробности
2019 жылдың 03 қазан күні Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасының «Көңілді старт» атты тақырыпта спорттық сайыс түрінен жарыс өтті.
«Дария кеуде тау- мүсін, Қарттарым аман сау болсын» мерекелік іс шара
- Подробности
1 қазан 2019 жылы Үрпек ауылдық округінде ауыл клубында қарттар күніне арналған мерекелік іс шара өтті. Мерекелік іс шараға Қосжан, Ағаштыкөл, Қарашатөбе елді мекен қариялары да қатысты. Алғашқы сөз кезегін ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабеков Серік Үмбетұлы алып, қаряларды мерекемен құттықтап, баяндама жасады. Ауыл әкімі Жақыбаев Ғалымжан Тұрлыгұлұлы қариялдарды мерекемен құттықтады..
«Атадан өсиет, анадан қасиет»
- Подробности
(Мың бір мақал , жүз бір жұмбақ. сайысы)
Қазақ халқы да өзге халықтар сияқты – атам заманнан қорланып, сұраптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен көл- көсір фольклоры бар халық. Соының ішінде мақал-мәтелдерге бай ел. Қазақ ақын, шешен халық. Өте бай сөздік қорын, аса икемді жасампаз көркем тілін өмірдің барлық саласында орны-орнымен жүйелі пайдалана білген.
Мықты отбасы - мықты мемлекет
- Подробности
Жыл сайын елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы мерекесі тойланады. Отбасы адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.

























