Кітапхана – рухани орда, кітап – рухани қазына. Осы қазынаны оқырмандарға жеткізу үшін кітапханашылар әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Осындай іс-шараның бірі орталық кітапхананың библиография бөлімінің ұйымдастыруымен Амангелді орта мектебінде өткізілді.
Іс-шараның мақсаты жаңа түскен әдебиеттермен таныстыру, жаңа кітаптардан көптеген жаңа мәліметтер алып, білім негіздерін қалыптастыру, рухани нәр алу. Сонымен қатар библиография бөлімінің шығарған әртүрлі тақырыптағы көрсеткіш құралдар, әдебиеттер тізімі, жадынамалармен таныстыру. Мектеп оқушылары бос уақытында кітапханаға келіп, өздері сүйіп оқитын кітаптарды алып, оқығандары бойынша сыныптастарымен өз ойларымен бөліседі. Іс-щара соңынан оқушылардың қызығушылығы оянып, бірнеше кітап жаздырып алды.



Аубакирова Алтын
Орталық кітапхананың библиографы

























