Ел президенті Н.Назарбаевтың көрегенділігі мен батыл шешімінің арқасында 1997 жылы елордамыз ару Алматыдан Сарыарқа жеріне, Арқа төсіне қоныс аударғанына бүгінде бүкіл әлем куә.
Кешегі оқиғалардың бәрі бүгінде тарих.Сол кездегі іске асырылған жобалар ,атқарылған істер ,ой-толғамдар Н.Назарбаевтың өз еңбектерінде,ол туралы жазылған еңбектерде көрсетілген.
1997 ж.20 қазанда –Ақмола қаласын ҚР астанасы деп жариялау туралы жарлық шығып, 2008 ж.бастап 6 шілде-Астана күні боп белгіленді.
Осы мемлекеттік мерекеге орай Аманкелді аудандық орталық кітапханасы кітап және фото көрме ұйымдастырды. Көрмеге ғұн империясынан бастау алатын Бозоқ қаласы, Ақмола округі,Ақмола қаласынан бүгінгі Астанаға дейінгі тарихи кезеңдер, Астананың құрылу тарихы, дамуы ,гүлденуі жайындағы елбасының және зерттеуші, ғалымдардың еңбектері қойылды.
Астанада бүгінде бүкіл әлем көз тігіп отырған ЭКСПО-2017 байқауы өтуде. Осы байқау аясында «Болашақтың энергиясы» тақырыбында жас оқырмандардың жасаған кол өнер бұйымдары да оқырмандар назарына ұсынылды.
Қалмағанбетова Г.
Аманкелді аудандық орталық
кітапханасының қызметкері

























