«Бұл Қазақстан үшін үлкен құрмет және қуанышты оқиға.

Астанада  «ЭКСПО-2017» көрмесін тұрғызамыз,

өз экспозициямызды заманауи технологиямен қамтамасыз етеміз.

Бұл әдемі нысан жаңа Елордамыздың ең үздік бренді болады»  

                                                                  Н.Ә.Назарбаев

 

Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір-біріне жетістіктерімен мақтанып, табыстарын көрсету үшін бас қосып, таразылап отыруды  дәстүрге айналдырып келеді. Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталады.

         2017 жылдың 10 маусым - 10 қыркүйек  аралығында  Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбы аясында әлем елдері өз жұмыстарын  ұсынбақ. Ол баламалы энергия көздеріне және  «жасыл» технологияға арналған.

         Амангелді аудандық орталық кітапханасы осы тақырыпқа орай аудан және ауылдық  аймақтардың оқушыларының жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты-1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихымен таныстыра отырып, 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесінің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білім қалыптастыру.

         Көрме үздіксіз жұмыс жасап, әр мектептің жанынан құрылған жазғы лагерь оқушылары, келген оқырмандар мен қонақтар назарына ұсынылуда. Кейіннен осы көрмедегі қойылған еңбектердің ішінен үздіктері таңдап алынып, марапатталатын болады.

 

 

Қалмағанбетова  Г.

Аманкелді аудандық орталық

кітапхана қызметкері