Ұлттық Академиялық кітапхана бастамасымен дәстүрге айналған «Kitap Time-2025» республикалық кітап фестивалі аясында Амангелді аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен қазан айының алғашқы жексенбісі-ұстаздар күні мерекесіне орай «Ұстаз-ұлағатты есім!» атты танымдық сағат өткізілді.
Кеш мақсаты- ұстазды құрметтеу,сыйлауға үйрету,ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру,ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйретіп, оқырмандарға патриоттық тәрбие беру.
Кеш барысында оқырмандарға шәкірт санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздардың ерен еңбегі жөнінде айтылып, оларды құрметтеу керектігі жөнінде түсіндірілді.
Оқырмандар арасында сұрақ-жауап ойыны ойнатылды және «Ұстаздық еткен-жалықпас...» атты кітап көрмесі жасалып, таныстырылды.

























