Амантоғай ауылдық кітапханасында Kitap Time-2025 фестивалі аясында «Кітап-ғажайып әлем» тақырыбында кітап көрмесі, «Бізден сұрақ, сізден жауап» атты Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай Абайдың өмірбаяны, шығармашылығы жайында сұрақ-жауап ойындары, жәнеде 2025 жылғы мерейтой иелерінің кітаптарына арналған «Кітап-дефиле» ұйымдастырылды. Айтулы шараның мақсаты- кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интелектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын кітап оқуға тарту, көркем әдебиетке деген құштарлығын, өскелең ұрпақтың рухани- адамгершілік білімін арттыру. Іс-шараға Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жармағанбетова Әсемгүл қатысты.Іс-шара барысында оқырман Сиражиден Сырғалым Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба өлеңін, Рахат Қосбармақтың «Жалқаудың жазасы»ертегісін мәнерлеп оқып берді. Фестиваль арқылы оқырмандарға кітапхананың маңыздылығы, кітап оқудың пайдасын түсіндіріліп, уақытын тиімді өткізуіне ықпалын тигізді. Амантоғай ауылдық кітапханашысы: Қойжігітова А.Т..
«Кітап-ғажайып әлем»
- Подробности

























