«Сайлау - менің таңдауым» тренинг

Ата заң - адам құқығының сақталуын қамтамасыз етеді. Атақты «жеті жарғы»дан бүгінгі ата заңымызға дейінгі аралықта қазақ халхының сана сезімі өсіп, білімі мен біліктілігі өте жоғары деңгейге көтерілді.

Заңды салауатты білген адам әділетті, парасатты, турашыл да батыл болса, заңды білмеген адам жағымпаз да жасқаншақ, екі жүзді қорқақ болады. Сол үшін әрбір адам өз құқығы мен міндеттерін білуі қажет.

Осы жылдың 12 қыркүйегі күні Амангелді аудандық аумақтық сайлау комиисиясымен ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған іс шаралар жоспары аясында болашақ сайлаушыларға арналған «Сайлау-менің таңдауым», Азаматтық белсенділік негіздері» семинар тренингі Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебінің 10 - 11 сынып оқушыларымен өткізілді. Семинар барысында Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айнұр Тойкенқызы кіріспе сөз сөйлеп, жас сайлаушыларға сайлау туралы мағлұмат беріп өтті. «Сайлау және сайлану құқығы, азаматтың Конститциялық құқығы» жайында 239 сайлау учаскесінің хатшысы Биахмет Нұрболат Болатұлы баяндама жасады. Оқушылар сұрақтар қойып, тренинг өте қызықты өтті.

Үрпек ауылының кітапханашысы
Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы