Қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде «Отбасы күні» мерекесі болып белгіленген. Осы мерекеге орай ауылдық әкімшілік қызметкерлері мен ауыл кітапханашысы ауылымыздағы үлгілі отбасы, отау құрғандарына 50 жыл болған «Алтын шаңырақ» иелері Оралбаевтар отбасына барып, Өсербай аға мен Шолпан апайды құттықтап қайтты. Той иелеріне арнайы дайындалған «Алғыс хат» пен шағын сый- сияпат табыстады. Мерейтой иелері өз ризашылықтары айтып, кейінгі ұрпаққа жылы лебіздерін білдірді.

Үрпек ауылының кітапханашысы
Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы