Құмкешу ауылдық кітапханасында Жаяу Мұса Байжанұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Ғасырдан озған Жаяу сал»тақырыбында бейне баян жасалып,оқырман назарына ұсынылды.Мақсаты: Ұлттық музыка өнерінің алыптарының бірі-Жаяу Мұса Байжанұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау.
Әнші,ақын,компазитор Жаяу Мұса Баянауылдағы Жасыбай көлінің маңында өмірге келген.Анасы ерте дүние салып,әкесі басқа әйелге үйленген соң жетім бала Қызылжардағы татар көпесіне жалданып жүріп орыс тілін үйренеді.Одан кейін Омбыдағы орыс мектебінде оқып домбыра,сырнай,скрипка аспаптарын меңгереді.Жаяу Мұсаның Шоқан Уәлихановпен бірге жүруі Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар,оқылық»өлеңіне ән шығаруы.Лев Толстой кейіпкерінің есімімен қызын Анна деп атауы оның заман тынысын терең сезінгендігін байқатады. Елге келген соң аға сұлтан Мұса Шорманов пен оның інісі Мұстафаның зорлық-зомбылығына шағымданып генерал-губернаторға хат жазады.Сол үшін ағайынды Шормановтар оның атын тартып алып Жаяу атандырады.Шормановтар әр түрлі жала жауып 1860 жылы оны Тобылға 12 жылға жер аудартады.Жаяу Мұсаның Ақ сиса,Хаулау,Сұрша қыз, Баянауыл,Қаршыға,Көгершін,Шолпан,Сәулем,Гауһар қыз,Ләйлім атты әндері ел ішіне кең тараған.Жаяу Мұса қазақтың ән өнерін мазмұны жағынан байытып,жаңалық енгізіп,әуен сазын биіктерге көтерген аса дарынды компазитор.Ол қазақтың мұңын мұңдап,жоғын жоқтап өз заманының арман аңсарын жеткізеді.