5 қыркүйек Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Қазақ халқының біртуар азаматы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Сарытүбек деген жерінде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында дүниеге келген екен.

Ахмет Байтұрсынұлы - ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы ғалым. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Ағартушылық мақсаты – өз алфавитін жасау, оқулықтар жазу. Осы мақсатты орындау үстіне ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап-танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде «Әліппе», «Маса», «Қырық мысал» атты оқулықтарын жазған. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. Ұлт ұстазы атанып, соңына өшпес із қалдырған Ахмет 1937 жылы жазықсыз атылып кетті.

Ауыл кітапханашысы А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайында видео - слайд жасап оқырмандарға ұсынды. Ақынның жазған шығармалары мен еңбектері және мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларына шолу жасалды.

Үрпек ауылының кітапханашысы
Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы