Тіл - ұлттың қазынасы, тіл өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты ертеңгі күннің кепілі. Оқырмандарға ана тілін білудің маңызын түсіндіру, ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Қабырға ауылдық кітапханасының ұйымдастырумен "Тіл - ұлттың тірегі" атты танымдық сағат өткізілді. Көрмеге "Ұлт ұстазы" Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармалары, тіл туралы нақыл сөздер қойылды.