Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Арқалықтағы әлеуметтік нысандардың инфра-құрылымын жақсарту, соның ішінде жаңа типтік кітапхана салу жөнінде мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова ұсыныстарын айтқандығы жөнінде ақпарат Арқалықтағы елдің құлағына жеткелі бері қуаныштарын бір-бірімен бөлісіп жатқан жайы бар. Себебі 50 жылдан астам тарихы бар Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының ұзақ жылдар жөндеу көрмей тұрғанын ескерсек, бұл жаңалық үміт отын жаққандай болды. Торғай өңірінде заманауи кітапхана ашу – бұл аймақтың мәдениеті мен білім саласын дамытуға зор ықпал ететін бастама. Сонымен қатар заманауи кітапхана оқырмандар үшін тек кітаптарды оқитын орын ғана емес, білім алуға, шығармашылыққа, жаңа идеяларды жүзеге асыруға арналған орталық болса керек.Сондықтан бүгінгі қуанышымыз ұзағынан болып, көтерілген мәселенің орындалуын тілейміз!
Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Арқалықтағы әлеуметтік нысандардың инфра-құрылымын жақсарту
- Подробности

























