2025 жылдың 10 ақпан күні Степняк ауылдық кітапханасында Ұлы ақын, ағартушы қазақтың жазба әдебиетінің және қазақ әдебиет тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай "Ұлы халықтың - Ұлы Абайы" атты поэзия сағаты өткізілді. Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлы ақыны, философ, гуманист, композитор, көркем сөз шебері. Кітапханашы оқушыларға Абай Құнанбаевтың өмір жолдары,әдеби шығармаларымен таныстырылды. Іс- шара барысында ақынның өлеңдері жатқа айтылды. Мақсаты: жасөспірімдерді Ұлы ақынның шығармаларына деген қызығушылығы мен құрметін қалыптастыруға ықпал ету. 180 жылдығын атап өту.