Амангелді аудандық орталық кітапханасының оқу залында отбасы күніне орай « Отбасы - бақыт мекені» атты сырласу кеші өткізілді. Кешті оқу залының кітапханашысы Сакулова Набира жүргізді. Іс-шара барысында «Отбасы - бақыт мекені» атты кітап көрмесі қойылып оқырмандарға таныстырылды. Отбасы құндылығы, бала тәрбиесі, отбасында әке мен ананың алатын орындары жайлы қойылған сұрақтарға Әлмағанбетова Рая, Ізімғалиева Жансәуле және Адаханова Дәметкен, Арыстанова Қарлығаш өз ойларымен бөлісіп, кешке белсене қатысты.

Халқымызда « Отан отбасынан басталады » деген қарапайым қағ謬дат қай дәуірде болсын өзгер¬ген емес, өзгермек те емес.

Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы- белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез- құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Тіршіліктің күре тамырын жалғап тұрар – жаны-тәні сұлу әйелдер.

21 ғасыр әйелдері –жас тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қарай мүмкіндігі бар, қиын да қызықты ғұмыры бар, ер азаматтармен бір кісідей қатар жүріп, қоғамымыздың әрқилы салаларында белсене қызмет атқарып келеді.

Бүгінгі әйел- саясаткер, ұстаз, дәрігер, еңбеккер...

Еңбек ерлері, еңбек озаттары, өз орындарын біледі. Әйел- отбасының ұйытқысы жылуы, қамқоршысы, тәрбиешісі. « Анаға қарап қыз өсер» деген мақал да тегін айтылаған. «Қайран біздің аналар арды ойлаған...».

Отбасындағы әкенің алатын орны- асқар таудай тұлға. Әкенің жалт етіп қарауынан сескенетін әйел де, бала да сол үйдің тыныштығы мен бейбітшілігін, берекесін сақтайды. «Әкеге қарап ұл өсер» деген халық даналығы бала тәрбиесіне әке жауапкершілігінің үлкендігін көрсетеді. Әкенің үлгі боларлық қасиеттері отбасын алға ұмтылдырып, жетелеп отырады. Әрбір отағасы өз міндетін біліп, отбасы өмірін сақтап, рухани байытып, үй ішінің береке –бірлігін ойлап отырады.

Отбасының басты қызметі - баланы тәрбиелеу.

Отбасы тәрбиесі- бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап оның өміріне қамқорлық жасап болашағын жоспарлайды және саналы азамат өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйренуге, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең басты талап тілектері- баланың әдепті бала болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым « әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында өздігінен тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Отбасының екі тірегі- әлпештеген әке мен аялаған ана,. Әке мен шеше –баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер». Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді, басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек.

Отбасы –әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасы деген келешек ұрпақтың жалғастыратын болашақ.