5 қыркүйек күні Жаңа ауыл орта мектебінде  Қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы,  Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тілім тірлігімнің айғағы» тақырыбымен мәнерлеп оқу сайысы өтті. Ата рухына арналған сайысты қазақ тілі пәні мұғалімдері  Күлбабенова Салтанат, Жандилдина Нұрлыгүл, Әлімжан Самал, Ақдәулетова Салтанат ұйымдастырды. А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармасына арналған слайд шолуды Сәлімова Мәдина таныстырды. Сайыстың басында  Жандилдина Нұрлыгүл шәкіртімен А.Байтұрсынұлының өлеңін оқып, ашып берді.  Мәнерлеп оқу сайсысына оқушылар жұп болып қатысып, бақ сынады. Математика пәні мұғалімі Байтенова Әсия шәкірті Назеркемен жұп болды. Захарбанмен Еркеназ,  жас мұғалім Айгеріммен  Аяулым, Салтанат апаймен Рамазан, Жантөремен  Гүлсезім, Айнұр апай  Жаннұрмен, Аян мен Ақерке, мұғалімдер Анар апаймен Нұржан ағай және Анель қатысты.

Сайыс барысында Самал апай шәкірті Бақдәулетпен  өлең оқыды. 5 сынып оқушылары «Бипыл» биін тарту етті. Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерімен қатар басқа да ақындардың  өлеңдері оқылды. Мектеп мұғалімі Доспанов Жантөре ауыл кітапханашысы Нұржанова Майраш әділ қазылық етті.  Әділ қазылардың шешімімен 1 орынды Оразақын Асқардың «Үйрен ана тіліңді» өлеңін жоғары деңгейде мәнерлеп оқыған Серік Жантөре мен Есенғали Гүлсезім иеленді. 2 орынды Бақытжанов Захарбан және Боранбаева Еркеназ, 3 орынды Атембекова Айнұр мен Шәкірова Жаннұр иеленді. Қатысқан оқушылар алғыс хатпен және пән мұғалімдерінің дайындаған ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

 

Үрпек ауылының кітапханашысы

Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы