5 қыркүйек елімізде Тілдер мерекесі тойланады. Бұл күн- "ұлттың сақталуына да,жоғалуынада себеп болатын нәрсенің қуаттысы -тіл" деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бүгін барша Қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Осы мерекеге орай Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің 7а сыныбында "Дәуірдің жарық жұлдызы" атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: ана тіліміздің қадыр- қасиетін, ұғындыру, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымызды құрметтеу, айтқандарын оқып үйрену, тіліміздің мәртебесін көтеру.
Амантоғай ауылдық кітапханашысы: Қойжігітова Айнұр Теміржанқызы.


























