Амангелді аудандық орталық кітапханасында 4 маусым-Рәміздер күніне орай «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» тақырыбында фото көрмемен таныстырылып, рәміздер тарихына шолу жасалынды.

Жас жеткіншектердің бойына Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған  шараға  мектеп оқушылары  және кітапхана оқырмандары қатысты.

Кітапханашы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделеу, авторларымен таныстыра отырып, қатысушы оқушыларға рәміздеріміз жайында сұрақтар қойып, жауап берген оқушыларға тәттілер таратылды. Іс – шара соңында ән ұран айтылып, оқушылар көңілді тарады.