
Тарихи тұлға- Ахмет Байтұрсынұлы
Әр күн, сәт, мүмкіндік, сағат, минут - бұл таусылмас айналып тұратын тарих. Тарихта небір оқиғалар орын алып, ізін қалдыруда, бірі жаман болса, ал екіншісі көңілге жағар жағымды дүние болмақ. Осы тарихи оқиғаның ортасында жүріп тайға таңба басқандай із қалдыру, есіміңді ғасырлар бойы еске алатындай іс істеу - әркімнің қолынан келе бермейтін дүние. Бұл кімдердің қолдарынанкелетінін білесіз бе?!
Бүгінде еліміздің тарих бетінде қалғандары жетерлік, алайда еліне қызмет еткен, халқына жанашыр болған тарихи тұлғаларымыз ел ішінде әлі күнге дейін "бір төбе" боп қала бермек. Сол тарихи тұлғалардың бірі жерлесіміз, қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ халқының жиырмасыншы ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Байтұрсынұлының неліктен тарихта орны ерекше десеңіз? Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқына қызмет етіп қана қоймай, өшпес мұра, теңіздей терең із қалдырған- дара тұлға! Осындай ерең еңбегі үшін халықтың жүрегінде. Қазіргі сәтте арысымыздың мұраларын жоғалтпай, керісінше жаңғырту – мына біздердің, жас ұрпақтың, ұстаздардың,кітапханашы мамандардың қолында. Абайдың Қазақ даласына жазба әдебиетті алып келуі, Әлиханның « Алашорда» үкіметнің негізін қалауы, Ахметтің «Қазақ Әдебиетінің» тірегі болуы да үлкен ғанибет. Қазақтың әр арысының ерең еңбегі-ерекше.
Ахмет Байтұрсынұлының әдебиет хақындағы өсиетін соңғы сөз ретінде де бағалаймыз: «Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп…» деп айтқаны Әлихан Бөкейханов бабамыздың «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген сөздерімен үндескендей.
Дана тұлғаның ерен еңбектерінің бірі қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Сонымен қатар С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, М.Дулатов, Е.Омаров сияқты замандастары баспасөзде мақалалар жариялап, Байтұрсыновтың қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі мен қызметіне, шығармашылығына ғылыми пікір-тұжырымдар айтылды. Әуезов Ахмет туралы «Ақаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «...Кешегі күндерге дейін бәріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі ... әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді» деп жазды.
Кейінгі коммунистік идеология Байтұрсыновтың есімін ауызға алуға көп жылдар бойы тыйым салып, ол туралы сыңаржақ пікірлер айтылды. Саяси қысымның қаупіне қарамастан белгілі түркітанушы, академиг А.Н.Кононов «Отандық түркітанушылардың биобиблиографиялық сөздігі» деген еңбегінде Байтұрсыновтың толық өмірбаянын беріп, әлеум.-қоғамдық қызметін, басты еңбектерін нақты айтты. Оның қазақ әліппесінің авторы екендігі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазғандығы көрсетілді. 1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге Байтұрсын есімі берілді. Тіл білімі институты, Қостанай университеті Байтұрсыновтың есімімен аталды. 1998 жылы оның туғанына 125 жыл толған мерейтойы салтанатпен атап өтіліп Алматы қаласынданда республика ғылыми конференция өткізілді, Байтұрсыновтың мұражай-үйі мен ескерткіші ашылды. Биыл Ахмет Байтұрсынұлын 150 жылдық мерейтойы ел өлкесінде жыл бойына тойлануда. Міне тарихта алар орны ерекше тұлғамыздың шығармашылық жолы мен өмір жолы қималаң қиындықтан тұрды. Дегенмен әр ісі ақталып, тарих бетіне ақ адал еңбегі қалды.
Жанатай ауылдық кітапханашысы
Ташаева Бақытжамал Сайлауовна

























