8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арнап Амантоғай ауылдық кітапханашысы «Әйел-әлем, әйел – нұр!» атты тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінің басты мақсаты – қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлін, әйел-ана, әйел-әже екенін көрсету. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандық - бәрі әйел. Көрме барысы да осы сөзбен астасып жатады.
Көрмеден Ұлы даланың ұлы қыздары туралы әдебиеттерді, ғылымдағы, өнер әлеміндегі, қоғамның барлық саласында ерлермен бірдей еңбек етіп жүрген нәзік жандар жайлы жазылған әдебиеттерді көруге болады. Атаулы көрмені оқырмандар қызығушылықпен тамашалады.
Амантоғай ауылдық кітапханашысы: Қойжігітова А.Т
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/novosti-kz/327-jel-lem-jel-n-r-kitap-k-rmesi.html#sigFreeId611e5b9353

























