Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі, аудармашы, көсемсөз шеберіА.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл және «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында А.Байтұрсыновтың «Ахметтің бай мұрасы», «әдеби шығармалары», «қанатты сөздері», «қазіргі заманғы Ахметтану» ғылымы оқуға ұсынылды. Акцияның мақсаты- қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын дамыту және бір мезетте ел болып кітап оқу.
Үрпек ауылдық кітапханасында «Ұлтым деп соққан –Ұлы жүрек» тақырыбында тұрақты кітап көрмесі жасалды. Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы Алимова Тоты 5 сынып оқушыларымен бірге қатысып, кітап көрмесімен танысты.
Қазақ халқының біртуар азаматы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Сарытүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында дүниеге келген екен. Ахмет Байтұрсынов – ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы ғалым. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Өз халқын шын сүйген патриот адам.
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты.Ұлт ұстазы атанып, соңына өшпес із қалдырған Ахмет 1937 жылы жазықсыз атылып кетті.
Ауыл кітапханашысы А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылық қызметін ашып көрсетіп, оқырман қауымға өз қаламынан туған кең көлемді шығармасы «Әдебиет танытқыш», «Маса» және бірнеше томдық кітабын көрмеге қойып, таныстырды. Ақынның жазған шығармалары мен еңбектері және мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларына шолу жасалды.
Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Жандилдина Нұрлыгүл А.Байтұрсынұлының шығармаларынан 1 томын оқуға алды.
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/novosti-kz/324-ltym-dep-so-an-ly-zh-rek.html#sigFreeId322b9ac29b

























