Республикалық "Бір ел-бір кітап-2022" акциясы аясында оқуға ұсынылған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай аудандық орталық кітапханада "Ғасыр саңлағы" атты тұрақты көрме ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылуда.

Оқырмандардың бойына адамгершілік,ұлтжандылық,отансүйгіштік қасиеттерді дамыту,ұлт ұстазының құнды мұраларын дәріптеп,жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында жасалған кітап көрмесіне Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы,зерттеулері,ол туралы жазылған бірнеше еңбектер қойылды.

Тіл білімінің атасы,ақын,әдебиет зерттеуші,ғалым ,публицист,педагог,аудармашы ,қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы қазақ қоғамы,ана тілінің қамы үшін аянбай еңбек етті.Осы жолда бірқатар еңбектер жазып,зерттеу жұмыстарын жасады. Қазақ тілінің тұңғыш әліппесін жасап,алғашқы оқу құралдарын дайындаған.

Кітапханашы: Қалмағанбетова Г