Ахмет Байтұрсынов-150

Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны - «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.

Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала - бұлт, шындық - күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты.

                                                                                                                                          Мұхтар Әуезов

2022 жылғы "Бір ел – бір кітап - 2022" республикалық акциясы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын оқуға қолдау көрсетілді.

Осыған орай, Ахмет Байтұрсынұлының барлық шығармаларын жариялау туралы шешім қабылданды.

Қазақ елі үшін Ахмет Байтұрсынұлы ерекше тұлға, ол мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы.

Оқырмандарға Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша оқу ұсынылады:

1. "Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы",

2. "Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары",

3. "Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері",

4. "Қазіргі заманғы ахметтану ғылымы".