«Елбасы біреу-ел оған тіреу»
1 желтоқсан тұңғыш Президент күніне арналған кітап көрмесі
1 желтоқсан барлық қазақстандықтар үшін ұлкен мереке. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнін жыл сайын атап өтудеміз. Тәуелсіз қазақ елінің тарихын жасау Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, батыл реформатор, Ұлы даланың ұлы әміршілерінің мұрагері Нұрсұлтан Назарбаевтың маңдайына жазылған еді. Тәуелсіздікке қол созған Ұлы дала бұл арманға тек 1991 жылы ғана ие болды. Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек, ұлы даланың ұлы заңгері әз Тәуке, үш жүздің басын қосып, халықтың рухани көсемі болған Абылай хан-ел есінде. Өз халқы үшін осы әміршілер жасаған игі істерді бір өзі жасау-Елбасының еншісіне тиді.
Болашақ ұрпаққа тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының жасаған еңбегінен мағлұмат беру арқылы Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі ету. Оқырман қауымды егемен елге қамқор бола білуге үйрету мақсатында Үрпек ауылдық кітапханасында «Елбасы біреу-ел оған тіреу» атты кітап көрмесі жасалды. Көрме бірнеше бөлімдерге бөлініп, Елбасының балалық шағы, ата анасы, сыныптастары, алғашқы ұстазы жайында, елге жасаған қызметі жайындағы кітаптар, Елбасының әр жылдардағы жолдаулары көрмеге қойылды. Көрмені ауыл тұрғындары Жанділдин Сақан, Шакенов Күзенбай зейнеткер, кітапхананың тұрақты оқырманы Ташкеев Жаңбырбай, әлеуметтік педагог Смағұлова Нұргүл, көрмені тамашалады.
Үрпек ауылының кітапханашысы
Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/novosti-kz/315-elbasy-bireu-el-o-an-tireu-1-zhelto-san-t-ysh-prezident-k-nine-arnal-an-kitap-k-rmesi.html#sigFreeId1443502e95

























