1-сәуір күні Ағаштыкөл ауылдық кітапханасында халықаралық құстарды қорғау күніне орай «Құстар - біздің досымыз» тақырыбында танымдық ойын өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты құстардың түрлерін, тіршілігін таныстыру және жасұрпақты табиғатты, құстарды сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу, ой- өрісін дамыту, тапқырлық қабілетін арттыру.


























