5 ақпан күні Амангелді аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқу залының кітапханашыларының ұйымдастыруымен ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай "Жыр жүйрігі Мұқағали" атты онлайн түрде кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдеби- кеш өтті. Кешке Б.Қолдасбаев орта мектебінің оқушысы Құсайынов Нұрсаят, Ы.Алтынсарин орта мектебінің оқушысы Серикова Наргиз, Қайратқызы Юран, Сейдағали Айару қатысып, ақынның өлеңдерін жатқа айтты. Орталық кітапхана оқу залының кітапханашысы Баяхметова. М кітап көрмесіне шолу жасады.
"Жыр жүйрігі Мұқағали"
- Подробности

























