«Өмірдің мәні татулықпен алғыста!»

Қазақ халқына мың алғыс! Елбасының «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізі – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастырудың арқауы болған 1-наурыз «Алғыс айту» күні. Елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған

Айтулы тақырыпқа орай 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай  Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  «Өмірдің мәні татулықпен алғыста!» тренинг-ойын  Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің 2 сынып оқушыларымен  өткізілді. Іс-шарамыздың мақсаты Мақсаты: «Алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.  Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Оқушылар шара барысында бір-біріне деген сыйластықтарын  , тілектері  арқылы және бір- біріне деген алғыстарын, жақсы тілектер және бір-біріне өз алғыс, тілектерін айтып, суреттер салды.

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін бұл мереке өскелең ұрпақты достыққа, бір-біріне деген құрмет пен татулыққа тәрбиелеу, Қазақстанда этникалық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында жүзеге асып келеді.

Зарина Мусабаева

Амангелді аудандық орталық балалар

кітапханасының меңгерушісі