Жыл сайын ақпан айында ақынның туған күні Үрпек ауылында  аталып өтіледі. Жаңа ауыл орта мектебінің жас кітапханашысы Аяпбергенова Анар Құрманғалиқызы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай әдеби кеш өткізді.

Кеш басында жас маман ақынның өмірі мен шығармасына шолу жасап, оқырман қауымға фото -слайд көрсетті. Мектебіміздің 8а сынып оқушылары «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс қойып, көрермен ықыласына бөленді. Аққу бейнесін Ерназар Жаннұр, ана бейнесін  Еркінқызы Нарқыз, аңшы бейнесін Мерейұлы Серікболсын,  сомдады.

Мұқағали өлеңдеріне кезек беріліп, Боранбаева Жангүлім «Өмір жолы», Төлегенқызы Айғаным «Ана», Әскербекқызы Аягөз «Ана сен бақыттысың», Қошан Жанайым «Өзіммен өзім», Көшеков Нұрдәулет «Үш бақытым» өлеңдерін оқыды. Ақының жолын басқан  оқушылар Касымханова Нұрай, Табылғанова Динара,Тілегенова Ақбота, Сейтжанова Алтын, Қонақова Айбибі өздері шығарған жырларын тарту етті. Кешті жас маман Зейнуллина Күнайым жүргізді. Балахмет Жанбек  кештің сәнін келтіріп, «Саржайлау» әнін шырқады.

 

Үрпек ауылының кітапханашысы

 Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы