Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жаксы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Өмірің бала оқытуға арнаған , артына тәрбиелі ұл мен қызын, ізін жалғарсаналы ұрпағын қалдырған ұстаздар қандайда құрметке лайық.
Осындай ұстазымыздың бірі-Ермағанбетов Қабдраш Саматұлы.Осыған орай Амантоғай ауылдық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін, «Ұлы даланың ұлы есімдері», бағыты бойынша, «ұстаз - ұлы тұлға» тақырыбында Еңбек ардагері,тыл еңбеккері, білім беру ісінің үздігі Ермағанбетов Қабдраш Саматұлын еске алу кеші өткізілді.Мақсаты: Ұлағатты ұстаздың өмірі мен еңбек жолын, келешек ұрпақтың жадында қалдыру. Шәкірт сүйіспеншілігіне бөленіп, ұрпақ тәрбиелеу жолындағы шығармашылық табысын,жеткен жетістіктерін жас ұрпаққа үлгі ету.Ұстазымыздың өмір жолына тоқталатын болсақ Ермағанбетов Қабдраш Саматұлы 8бала тәрбиелеп , немере-шөбере сүйген ардақты ата.Мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз. Өмірінің 50 жылға жуық уақытын бала тәрбиелеу ісіне арнаған. Ол кісі елге сыйлы, еңбегімен еленген ұстаз. Еңбегі еленіп көптеген алғыс хаттар мен марапаттауларға, құрмет грамоталарына ие болған. 1974жылы «Қазақ ССР оқу озаты» төс белгісімен, 1981жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 19қазан 2019жылы Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінде ұстаздық еткен ағаларымызға арнап кабинеттер ашылды.Сонын ішінде Ермағанбетов Қабдраш Саматұлының атында қазақ тілі әдебиеті кабинеті ашылды. Бұл іс-шараға ұстазымыздың інісі Аманжолов Болатбек Байжанұлы, ұстазымыздың немересі Нұр-Сұлтан қаласының Евразия университетінің журналистика факултетінің студенті Қабдырашев Біржан, Амантоғай ауылдық ардагерлер кеңесінің төреғасы Байдосов Теміржан Биланұлы және де Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі, «Мирас» ғылыми қоғамның жетекшісі Бижанова Жұмакүл апайымыз қатысты. Алғашқы сөзді Аманжолов Болатбек Байжанұлы алып ұстазымыздың өмір жолдары жайлы әңгімелеп берді. Осы еске алу кешінде ұстазымыздың немересі Қабдырашев Біржан атасы жайлы сағынышқа толы «Атаға сағыныш» мақаласын оқып берді. Кеш соңында ұстазымыздың көзін көрген ардагер Байдосов Теміржан атамыз немересі Біржанға батасын берді. Ұстазға құрмет көрсету –жастарға өнеге, көпшіліктің құрметіне ие болған ұстазымыздың ұрпақтарына жақсылық тілейміз. Келген қонақтарымызға алғысымды білдіремін.


Қостанай облысы
Амангелді ауданы
Амантоғай ауылдық кітапханашысы: Қойжігітова А.Т.

























