27 қараша күні Үрпек ауылында   Жаңа ауыл жалпы білімі беретін мектептің 2а сынып оқушылары және сынып жетекшісі Гүлнар Жағыпарқызының қатысумен «Ел таңдаған –Елбасы» атты насихат сабағы өтті.

Насихат сабағының мақсаты: Болашақ ұрпаққа тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат беру арқылы Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі ету, егемен елге қамқор бола білуге үйрету.

Ауыл кітапханашысы Елбасының балалық шағына, елімізге жасаған адал қызметіне саяхат жасады. Оқушылар Ұлтымыздың кемеңгер данышпаны жайындағы қойылған түрлі сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытқан оқушылар, Тельманқызы Кәусар, Байдуйсенбайқызы Ақбаян, Ерланұлы Әлихан, Қасымханова Әминә, Балахмет Жасұлан, Тойман Нұрәли, Боранбай Нұрәли, Ералханқызы Інжу, Фазыл Әминә, Ақмырза Ернұр, Бүркітова Аяулым, атап айтуға болады.  Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, татулықты ту еткен қазақ елінің азаматтары аман болсын деген тілекпен Гүлнар Жағыпарқызы ауыл кітапханашысына алғысын білдірді.

 

Үрпек ауылының кітапханашысы

Нұржанова Майраш