Балаларды қайткенде кітап оқуға баулимыз?
Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы кітапханаға келген баланы назардан тыс қалдырмайды. Біреуіне кітап туралы әңгімелесе, екіншісіне керек құжаттарды қалай іздеу алгоритімен таныстырады.
«Кітапханалық ақпарат» үнемі назарда. Мәліметтер үнемі ауысып отырады. Бала сұрақ қойса, қарама- қарсы сұрақ ұсынылады. Кітапханадағы мәліметке бала зер салады ма екен? Міне осы анықталады. Кітапханаға кірген балаға үнемі осы ескертіліп отырады. Қажетті мәлімет қолда болған жағдайда, қай сайттан қарау керектігі жөнінде ауызша сілтемелер жасалады. Көркем шығармалардың ең таңдаулылары, балаларға қызықты журналдар-міне осының барлығы баланы қызықтырмай қоймайды.
Балаға кітап оқуды неш жасынан бастаған және қандай кітаптар ұсынған жөн? Баланы кітап оқуға өте ертерек үйреткен дұрыс. Яғни, жасынан бастаған жөн. Әрине бала бұл кезде әріпті танымайды, оқу-жазуды білмейді. Бірақ балаға жас ерекшілігін ескере отырып, түрлі-түсті кітапшаларды алуды ата-ана әдетке айналдыру керек. Бала үш,бес жасқа келгенде, суретті кітаптардағы кейіпкерлерді қызықтыра мазмұндасаңыз, сәбидің ішкі жан дүниесінде кітапқа деген қызығушылығы ояна бастайды. Міне біздің балалар кітапханасы ауданымыздың «Балдырғын», «Қаламқас», «Жұпар» балбақшаларына жылжымалы кітапхана жұмысысын атқарады. Баланы кітапқа қызығушылығын бояту мақсатта әр түрлі ойындар өткіземіз. Осы жолы бүлдіршіндерге «Ерте ерте ертеде» атты викториналық сайыс өткіздік. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрды.
1-ші кезең: «Кейіпкерлермен сырласайық».
Ертегіден үзінді ретінде сурет қойылады, ол ертегінің атын, кейіпкерлерін тауып, қысқаша мазмұнын айту.
2-ші кезең: «Мен қай ертегідемін?».
Ертегі кейіпкерлерінің суреттері қойылады, олардың қай ертегіде екенін табу керек.
3-ші кезең: «Ой- өрісті сергітейік»
Ертегілерге байланысты сұрақтарға жауап беру.
4-ші кезең: «Кім жылдам?»
Бөліктерге бөлінген бір ертегінің суретін құрастыру.
5- ші кезең «Ерте, ерте, ертеде...»
Ертегілерден үзінді оқып актерлік шеберліктерін көрсету.
Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту,
- ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
- ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
- қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілді. Кітап оқыған әр балаға ауадай қажет екендігі үнемі назарда болады. Сөйтіп бала кітапханамен, кітаппен мәңгі дос болады. Кітапхана оқырмандары үнемі ауысып отырады. Есейеді, бой жетеді, ер жетеді. Үлкен өмірге жолдама алады. Ал кітапханадан алған тәрбиені ғүмыр бойына азық етеді. Осы барлық тәрбиенің өзегі жас ұрпақтың адамгершілігі сапаларын және мінез-құлық құндылығын қалыптастыруында көмегі зор.
Кітап пен кітапхана –өмір бойы сіздерге сенімді досыңыз және көмекшіңіз болсын деймін.
Мусабаева Зарина Амантайқызы
Балалар кітапхансының меңгерушісі
Қостанай обл, Амангелді ауданы
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/novosti-kz/235-erte-erte-ertede.html#sigFreeIdfe9cea6f7f

























