Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы.Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.

«Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті. Айтулы тақырыпқа орай  халықаралық Отбасы күніне орай аудандық орталық балалар кітапханасы «Отбасы –ұлт тірегі» атты библиокофе өткізілді. Іс-шара барысында бірнеші бөлімдерден құралып, оқушыларға пікір алмау арқылы библиокофе өткізілді.

 

 Бөлімдер.

Отбасын таныстыру

 Ситуациялық сұрақтар

 Маржан сөздер сайысы (бала тәрбиесі туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер айту)

«Кім зерек?»

Отбасы дәстүрі

Оқушылар бөлімдермен танысып, өз отбасылары туралы, ата-анның балаға төккен мейірімі, ата-ананың баламен қарым қатынасы туралы пікірлесу арқылы өтті. Оқушылар өз отбасыларында ата-аналарымен жақсы қарым қатынаста екенің, іс-әрекет кезіндегі көрсетілген тұрақтылығы, қайырылымдылығы, мейірімділік тәрбиесі жөнінде ортаға салды.

Демек, отбасы- адам өмірінде , оны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.. Ата-ана мен отбасының өзге мүшелері баланың жас және жеке-дара ерекшіліктерін ескере отырып, рухани адамгершілік тәрбие берудің формалары мен әдістерін нақты жүзеге асыра білуі тиіс. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы ата – аналар , сіздерге байланысты. Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілейміз.

 

 

 

Мусабаева Зарина Амантайқызы

Қостанай облысы,Амангелді ауданы

Балалар кітапханасының меңгерушісі