Жол ережесін білумен оны дұрыс сақтауға ұмтылу - бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.Үлкен қалаларда осынау тиісті заңдылықты орындамаудың зардабынан қаншама қайғылы оқиғалар болып жатады.
Біздің ауданымызда, еліміздің барлық қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені балабақша бүлдіршіндерінен бастап, оқушыларда, үлкендерде, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауға тиіс.
Осы мақсатта Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы ұйымдастырумен оқушыларға "Жол жүру ережесін бірге үйренейік" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Бүлдіршіндерге жол жүру ережесін сақтап,әрдайым аман-есен жүрулеріне тілектестік білдірді.
Шараның мақсаты: Бүлдіршіндерге көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру.
Бүлдіршіндерді сақтыққа тәрбиелеу, жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Мусабаева Зарина Амантайқызы
Балалар кітапханасының меңгерушісі
Қостанай облысы, Амангелді ауданы
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/novosti-kz/229-542542.html#sigFreeId4dca931e8e

























