Аудандық орталық кітапхананың оқу залында 31 мамыр Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ә. Боранбаев орта мектебінің оқушылары қатысты. Көрменің мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Сондықтан 1927-1953ж. ақтаңдақтар ақиқатын түсіндіруге ұмтылу. Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/novosti-kz/220-52454254.html#sigFreeId26027b219a

























