Қазақ халқы – тумысынан кез-келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған халық. Ол әдетіміз әдепке айналған. Алғыс айту сөзімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. 1 наурыз Елбасының Жарлығымен Алғыс айту күні болып бекітілді.
Алғыс айту күнін жылдың ең сыпайы күні деп атауға болады. Бұл күні адамдар бір-біріне ілтипат білдіріп, көңілді жүрулері тиіс. Алғыс айту деген сөз – адамдардың бір-біріне жылу сыйлауы.
Айтулы тақырыпқа орай Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы 1-наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парызым!!!» мейірімділік бумеранг оқушылармен өткізді. Шараға Ы. Алтынсарин атындағы 5 сынып оқушылары біздің кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Іс-шара барысында көрнекіліктер қолданылып, оқушылар «алғыс» туралы ойлары тыңдалды.
Амангелді аудандық орталық
балалар кітапханасы
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/novosti-kz/203-8452524.html#sigFreeId25303a59b9

























