Ертегі дегеніміз-халық қиялы, арманы, ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесі. Біздің ата-бабаларымыз жақсы өмірді аңсап, зұлымдықты жеңіп, асыл қазынаны тауып, оны пайдалануды көкке ұшуды армандаған.
Ертегі баланың қиялына қанат бітіреді. Жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді. Бала арманын асқақтатып, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жетелейді.
Балаларды кішентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой-өрісін танымдық қабілетін дамытып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру мақсатында Үрпек ауылдық округінің кітапханашысы «Ертегі- бөбек ертеңі» атты «Балауса» балабақшасына барып ертегі оқып берді.
Ауыл кітапханашысымен үнемі байланыста болатын балабақша басшысы Дәрібаева Мәрзия тәрбиешілер Әбілбаева Айгүл, Нұржанова Құндызай бұл жолы да жылы шыраймен қарсы алды. Кітапханашы кішкентай балақандарға «Бақа ханшайым», «Бұбұл», «Күл қыз» атты ертегілерді оқып берді. Балалар өздерінің білетін ертегілерін айтып қосылып отырды және ертегі суреттерін көріп тамашалады.
Кітапханашы балапандардың қатысуымен тәрбиешілер дайындаған «Мақтақыз бен мысық» ертегісін тамашалады.
Үрпек ауылдық округінің кітапханашысы
Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы
https://aman-kitaphana.rka.kz/kz/novosti-kz/196-4345354354354345.html#sigFreeId4d7b7931bd

























